Қорымыз қалалық балалар үйінде жаңа жоба бастатты. Ерікті көмек көрсететін достарымыз - Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері. Олар №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен актерлық шеберлік, би, кино өнері және де поэзия салаларында сабақ беруде. Сабақтар жүйелі түрде өтеді. Бұл жұмыстың жемістерін жақын уақытта көретінімізге сенімдіміз. Осындай қайырымдылық түрін балалар да тәрбиешілер де өте үлкен ықыласпен қабылдады.
Ал, №2 балалар үйіндегі балғындарымызға, Қазақстанның үстел теннисінен чемпион атағын алған, Ольга Подберезкина дәріс беруді бастады. Бұл кездесу былтырғы жобаның жалғасы болып табылады. Сол жылы, қорымыз осы балалар үйіне устел теннисімен шұғылданулары үшін үстел теннисін және оның керек-жарақтарын сыйлаған болатын. Өткізген сабақтары аясында Ольга, сәбилерімізді өзі сияқты мықты спортсшы етіп тәрбиелей алатындығына сендірді.
«АЯЛА» қоры, осы сынды «ақылды» қайырымдылық жобаларын жұмыстарының ең басты және ең маңыздысы екенін алға тартады. Балалар үйінде тәрбиеленген балғындарымыз, өзін қоғамда емін-еркін сезініп, ортаға бейімделе білуі - біздің ең басты мақсатымыз болып табылады.