23-01-2010 №1 Балалар үйі үшін жабдықтар

№1 Балалар үйіне ағашты көркемдеп өңдеу үйірмесіне керекті аспаптар жиынтығы...

№1 Балалар үйіне ағашты көркемдеп өңдеу үйірмесіне керекті аспаптар жиынтығы мен жұмсалатын керек-жабдықтар алынды. Алынған құрал-жабдықтар Алманияда өндірілгендіктен сапасы мықты, сенімді және де өте ұзақ уақыт қызмет көрсетеді. Аталмыш үйірменің жетекшісі, қорымызға шын жүректен алғысын білдіре отырып, балалар үйінің тәрбиеленушілерінің жасаған ағаш бұйымдарының сапасы әлде қайда жоғарылайтынын нық сеніммен айтып өтті. Ал, біз болсақ,балаларымыздың осы үйірмеде алған дағдылары, өскенде қоғамда өз орындарын табуға көмектеседі деп үміттенеміз.