Наурыз және сәуір айларында өткен «Наурыз» атты қайырымдылық жәрмеңкесі тәмамдалып, жәрмеңке жеңімпаздары Елордамыз-Астана қаласына аттанды. Балалар үйі және №7 арнайы түзету интернатының 4 тәрбиеленушілерімен ұшақта олардың жанында болатын жауапты кісілер бірге жолға шықты. Бұл ұшақ сапары, балғындарымыздың және де кейбір үлкендеріміздің өміріндегі алғаш әуе сапарлары еді. Осы саяхат жайында балғындарымыз мынадай пікір білдірген екен.
№1 балалар үйінен-Толик Быков: «Мен ұшаққа мінгенімде, жүрегіме қорқыныш сезімі ұялады. Бірақ олай емес екендігіне көзім жетті. Маған ұшақпен әуеде самғау қатты ұнады. Қонақүйіміз де керемет және әдемі еді…». №1 облыстық балалар үйінен Кристина Лионова «Біз қаланың ең әсем жерлерінде серуендедік. Елордамыз керемет, әсіресе шуақты көктем күндерінде Астанамыз ерекше күйге енеді. Көгалдар мен гүлзарлар түрлі-түсті кілем іспеттес. Астана кешқұрым да өте әдемі, зәулім ғимараттар мен субүркектердің жарық сәулелері қосылғанда, ертегі әлеміне енгендей керемет күй кешесің. Еліміздің бас қаласы-Астанаға деген ерекше масаттану мен мақтан сезімі билейді жүрегіңді, содан есте қаларлық бір жақсы нәрсе жасағың келеді. Бұл, «АЯЛА» қайырымдылық қорын ұйымдастырған жәрмеңкенің басты мақсаты болып табылады. №2 балалар үйінен-Алина Статникова: «Бейбітшілік және келісім сарайы, пирамида, океанариум, ал ең бастысы Бәйтерекке бардық. Екі күн көзді ашып жұмғанша өте шықты. Астанаға барып келгеніме еш өкінбеймін, Елордамызға жасаған саяхатымызды ұзақ уақыт бойы жадымда сақтайтыным анық. Бұдан былай да Астана қаласына барып тұрамын деген үміттемін. Астана- әдемі де қонақжай қала». №7 мектеп-интернатынан-Сымбат Ермұханова, Астана саяхаты жайлы шағын шығармасын: «Мен «АЯЛА» қайырымдылық қорына көп рахмет айтамын» жолдарымен бітіріпті.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/1016-news-kz#sigFreeId46ed3b02b0