07-05-2010 Қорытынды концерт

Қорымыздың мұрындық болуымен, №1 Балалар үйінде жұмыс істейтін ерікті көмекшілер...

Қорымыздың мұрындық болуымен, №1 Балалар үйінде жұмыс істейтін ерікті көмекшілер тобы, Ұлы отан соғысының ардагерлері мен қорымыздың өкілдеріне арнап қорытынды концерт дайындаған екен. Балалар үйінің тәрбиеленушілері, көрермен назарына соғыс тарихын кеңінен баяндайтын спектакль ұсынды. Бұл спектакльдің қойылуына сүбелі үлес қосқан-Жүргенов атындағы өнер академиясы, театр факультетінің студенті-Ертас Жақыпбайдың атқарған еңбегі ерекше. Осы орайда, қыздарымыз бен балаларымыздың үйірмелерге үлкен қызығушылық танытуы бізді қатты қуантатынын және де осы үйірмелерде тәлім беретін жетекшілірдің төлем ақысын «АЯЛА» қоры қаржыландыратындығын айтып өткен жөн. Бұл үйірмелерде берілетін тәлім-тәрбие, балалар үйінің тәрбиеленушілерінің ой-өрісінің кеңеюіне және адамдармен тіл табысуларында машықтана тусуіне үлкен үлес қосатыны сөзсіз.