27-05-2010 Қуаныш күні 2010

Үш жыл қатарымен осы мейрам күні сайын синоптиктер ауа райы сұмдық масқара болады...

Үш жыл қатарымен осы мейрам күні сайын синоптиктер ауа райы сұмдық масқара болады, деп қорқытып келетін. Содан, мейрамның қарсаңында, «Қуаныш күні» балалар мейрамын ұйымдастырушылар - «АЯЛА» және «ДАРА» қайырымдылық қорлар мүшелері Алматының құбылмалы ауа райы қалай болады екен деп, уайымдап бақты. 26 мамырда күн күркірегенде балалар ренжіп те қалды, деді тәрбиешілер. Балалардың тілектері мықты болу керек, қуанышқа орай, күннің көзі шығып, аңдасаңда бұлттар көрінгені болмаса, таңертеңнен күн ашық тұрды.

«Қуаныш куні - 2010» ұйымдастырушыларға да, тәрбиешілер үшін де, көп қатысушылар үшін де, қонақтар үшін де нағыз қуаныш күні болды. Ең алдымен, әкім орынбасары С.Т. Сейдуманов, қалалық Бостандық ауданының әкімі З.Д.Аманжолова, «Ел - Арна» телеарнасының бас директоры Айгүл Мукей және қазақ ұлттық педагогика университетінің ректоры С.Ж. Пралиева құттықтау сөздерін айтты. Содан кейін, біздің демеушілер сыйлықтарын үлестірді. Яғни, Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президент қоры, HSBC банкі, «Gloria» туристік компаниясы, (AIS) Алматы халықаралық мектебінің ата – аналар комитетінің балалар үйіне берген сыйлықтары мындай болды: спорт бұйымдары, тренажерлер, ғылыми – көпшілік әдебиет кітаптар – білімнің түрлі саласындағы көптеген энциклопедиялар, кондиционер, кір жуатын машина, теледидар, шаңсорғыш, ал № 2 балалар үйіне демеушілер балығымен аквариум және оған қажетті жабдықтарымен бірге қосып сыйлық жасады.

Содан соң «Алматы қиәлу әлемі» ойын – сауық паркінің БАРЛЫҚ аттракциондары екі арада жұмысқа кірісті. Осы жерде, міне, екі жыл болды «Қуаныш күні» мейрамын өткізіп жатырмыз. Осы кезде, парктің басшыларына және қызметкерлеріне берекеліктері, мейрімді көңілдері, ақ ниеттері, кәсіпқорлықтықтары үшін ризашылығымызды білдіріп, тағы да, алғысымызды айтып кеткіміз келіп отыр. Ал балалар болса, екі сағат бойы, әбден шаршағанша ойнады. Түсқі асты оларға «Palladium», «Барбарис», «Bellagio», «Гоголь», «Shisha bar», «Мамамия», «Грильяж», «Assorti», «Line brew», «Marrone Rosso», «Тюбетейка», «Glen pub» ресторандары, және «Esperanza» сауық кешені, сонымен қатар, Resmi Group, Tassay сусындар өндірістері тегін ұйымдастырды. Содан соң балалар цирк көрінісін тамашалады. Аяғында, жұлдыздар Мира Муратова, «Лилу», «Алем», «Пилот», «Эверест» топтары үлкен концерт қойып балаларды қуантты.

Біздің көмегіміссіз емес, «Қуаныш күні» атты мейрам енді қалалық әкімшіліктің дәстүріне айналып, жоспарларына енетін болды.

Мақаламызды аяқтай отырып, бізге осы мейрамды ұйымдастыруға, оны өткізуге көмектескен біздің тұрақты жүргізушіміз Александр Шумскийге үлкен рахметімізді айтамыз.

 

 Барлық фотосүреттерді жүктеп