Бұл мереке Қазақстан Республикасының балалар үйлерінде екінші рет өткізіліп отыр. № 1 қалалық балалар үйінің тәрбиешілері мен түлектері бізді міндетті түрде бұл күні шақырған болатын. Балалар әдемі концерт дайындапты, оның аяғында мерекелі дастархан жайыпты. Көңілге жағатын жағдай, біздің қызметкерлер балалар үйінен балалар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарды алып кетті.