01-06-2011 Қайырымдылық аясы кеңеюде

1 маусым Дүниежүзілік Балаларды қорғау күні болған мерекелік салтанатқа...

1 маусым Дүниежүзілік Балаларды қорғау күні болған мерекелік салтанатқа, біздің қамқорымыздағы балалар да қатыса алды.  Бұл күні«Globus» сауда және ойын-сауық орталығында да балалар мерекелерімен құттықталды. KinoPark, №1 балалар үйімен №7 мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне, «Кунг фу Панда-2» мультфильмінің әлемдік тұсау -кесеріне тегін билеттер ұсынды. Қытай аюы және оның достарының басынан кешкен қызықты оқиғалары жайлы түсірілген бұл көркем мультфильм балалар және олармен бірге келген қонақтардың көңілінен шықты. Осы тәрізді қайырымдылық түрі, барлық қазақстандық сауда және ойын-сауық орталықтар жұмысының ажырамас бір бөлігі болатынына сенімдіміз.

Осы мүмкіншілікті пайдалана отырып, қорымыз балаларға осы мерекені ұйымдастырғаны үшін «Globus» сауда және ойын-сауық орталығының өкілі Әйгерім Жұмаділлаева ханымға алғысын білдіреді. Балалардың жол ақылары төленбеген жағдайда, бұл мерекенің өтуіне мүмкіндік тумайтын еді.

  Барлық фотосүреттерді жүктеп