«АЯЛА» қайырымдылық қоры ұйымдастырған тосын жаңажылдық ертегіге 80 бала қатысты. Сиқырлы көрініс Жаңа жылды тойлағаннан кейін астаналық «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығында өтті. Барлық қатысушылар – Ақмола облысының Ақкөл балалар үйінің 5 – 17 жас аралығындағы тәрбиеленушілері. 8 қаңтарда балалар «Аяз Атаға хат» жобасының шеңберінде мейірімді сиқыршы мен оның немересінің қолынан сыйлықтар алды.
VILED Group акция демеушісі болды. Компания қазақстандық дизайнер Леонид Жеребцовпен бірлесіп «Өз жүрегіңді аш» свитшоттардың капсулдық коллекциясын жасады, қазақ тілінен ол «Открой свое сердце» деп аударылады. Сатудан жиналған барлық қаражат балаларға арналған сыйлықтарға жұмсалды. Ақкөл балалар үйінің балалары материалдық көмекті қоспағанда рухани азық алды. Көңілді аниматорлар түрлі сайыстар мен билері бар қызықты шоу өткізді. Ең соңында қатысушылар Del Papa мейрамханасында тамаша итальяндық тағамның дәмін татты.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/1434-news-kz#sigFreeIda938323311