19-02-2016 Экскурсияға барайық!

Алматы балалары Дүниежүзілік экскурсовод күнін атап өтті! № 1 облыстық балалар үйінің...

Алматы балалары Дүниежүзілік экскурсовод күнін атап өтті! № 1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері Evrikum ғажайыптар бағында маңызды күнді өткізді. Әуе зеңбірегі, айналмалы туннель, табақшадағы бас – зерттеуге, сезінуге және тануға болатын тамаша экспонаттардың бір бөлігі ғана. Алайда бұл да толық емес. Бақтың қонақтарын бірегей зертхананың қызметкерлері ашық жүзбен қарсы алды, онда балаларға сұйық азоттың көмегімен түрлі эксперимент көрсетілді. Бұл орайда да балалардың сезімдері жоғары болды. Олар көп салқындатылған поп корн жеді, алақандарында от жағылды, сондай-ақ арнайы шариктерден ұлдар мен қыздар жануарлардың сұлбаларын жасады. Зертхана мен ғажайыптар бағын қарағаннан кейін балалар  Assorti мейрамханасына барды, онда өте тәтті пицца мен десерт дайындалды. Содан кейін мерекелік кешкі ас болды. Өткен жылғы 25 қарашада № 1 облыстық балалар үйінде  әлеуметтік-тұрмыстық бағдар бөлмесінің ашылуы өткенін еске түсірейік. Assorti бөлген қаражатқа «АЯЛА» қайырымдылық қоры асүй жиһазын, тамақ пісіретін орынды, ыдыс-аяқ және тұрмысқа қажетті заттарды сатып алды. ӘТБ бөлмесінің ашылуына орай мекеменің тәрбиеленушілері арасында аспаздық сайыс ұйымдастырылды. Оның нәтижесінде он бала Assorti мейрамханаларының біріне баруға, еліміздің ең танымал мекемесінің бірінің асүйінде жұмыстың қалай қызып жатқанын көруге, ас дайындауға қатысуға және оның дәмін татуға мүмкіндік алды.  MEGA Park сауда-ойын-сауық орталығына, Assorti мейрамханалар желісіне және Evrikum ғажайыптар бағына балаларға сыйлаған ертегісі үшін алғыс білдіреміз!

 

 Барлық фотосүреттерді жүктеп