28-04-2010 «Наурыз» жәрмеңкесінің қорытындылары

Біздің қорымыз наурызда және сәуірдің басында өткізген «Наурыз» жәрмеңкесі аяқталды.

Біздің қорымыз наурызда және сәуірдің басында өткізген «Наурыз» жәрмеңкесі аяқталды. Барлық балалар үйлерінде және № 7 интернатта біз салтанатты жиындар өткізіп, онда жұмыстарды дайындауға қатысқан барлық балаларға сыйлықтар беріп, алғыс айттық. Балалар үйлерінде балалар жады USB-карталарын алды. Ал ақыл-ойы кем балаларға арналған интернатта қыздарға төсек орын жиынтығын, шәркелер сыйладық және осының бәрі «атаулы» сөмкелерде болды. Ал ұлдар әдемі ашық түсті футболкалар мен шортылар алды. Бұдан басқа, біздің қорымыз интернаттың асханасына түскі үстелдеріне әдемі клеенкалар, ыңғайлы жайпақ табақтар, әсем нан салатын ыдыстар және үстелдерді безендіруге  арналған икебаналар сыйға тартты. Интернат асханасының бейнесі барынша көңілді және ұқыпты болды.

Барлық мекемелерде балалар қатты риза болды, ал Астанаға баратын төрт жеңімпаздың қуанышында шек болмады.

 Барлық фотосүреттерді жүктеп