03-02-2016 Суды сақтайық!

Астаналық балалар үйінің тәрбиеленушілері сапалы суды дұрыс пайдалану туралы айтты.

Астаналық балалар үйінің тәрбиеленушілері сапалы суды дұрыс пайдалану туралы айтты. Балалар интерактивті нысанда суды сақтау тәсілдерін үйренді. Ал өздерінің белсенді түрде қатысқаны үшін сыйлық ретінде Caprari компаниясынан ауыз суға арналған сүзгіш алды. Бүгінгі күні компания сумен қамту, ирригация және суды бұру бойынша энергия жағынан тиімді әрі экологиялық шешімдер ұсыну саласында әлемдегі көшбасшылардың бірі болып табылады. Компания қызметкерлерінің су ресурстарын үнемдеу проблемаларына байланысты жобаларды іске асыруда көпжылдық тәжірибесі бар.

Балалар үйіндегі Су Күніне сондай-ақ «АЯЛА» қайырымдылық қоры және «Қазақстанның жасыл экономика үлгісіне өтуін қолдау» ЕО/БҰҰДБ/БҰҰ ЕЭК бірлескен жобасының өкілдері қолдау көрсетті. Ұйымдастырушылардың сөзінше, осындай бастамалар арқылы қамқорлығындағы тәрбиеленушілер суды тиімді пайдалану негіздеріне үйренеді, ал бұл қазіргі уақытта өте маңызды. БҰҰ сарапшыларының деректері бойынша, жер шары халқының шамамен алтыдан бір бөлігінің таза ауыз суға қолы жетпейді, ал үштен бір бөлігі тұрмыстық қажеттіліктерге арналған суға зәру. Климаттың ғаламдық өзгеруі сумен қамту жағдайын одан да ушықтыруы мүмкін. Қазақстан су ресурстарының шектеулі қорларына ие, сондықтан ол сапалы сумен қамтамасыз ету бойынша да тәуекел тобында тұр.

Ұйымдастырушылар «Қазақстанның жасыл экономика үлгісіне өтуін қолдау» жобасының барысында түрлі қалалар мен мекемелердің балаларымен экология тақырыптары бойынша қарым-қатынас жасайтынына уәде етті. 

 Барлық фотосүреттерді жүктеп