Денсаулықтың сиқырлы әлемі, жанды ертегі... Оқыту, босаңсу, тыныштандыру немесе энергиямен толықтыру үшін пайдаланылуы мүмкін сенсорлық бөлмені қалай ғана атамайды. Бүгін осындай бөлменің ашылуы Петропавлдағы балаларға арналған психоневрологиялық интернат-үйінде өтті. Бұл – «АЯЛА» қайырымдылық қорының сыйлығы. Бұл бөлмеде балаға релаксация үшін қажетті жабдықтың бәрі бар: «Құс жолы» фиброоптикалық кілемі мен туннелі, тактильді панель, сондай-ақ көпіршікті бағаны бар балаларға арналған айна бұрыштары. Жалпы құны: 1 503 000 теңге. Сонымен қатар сенсорлық бөлмені қоспағанда, «АЯЛА» қайырымдылық қоры интернатқа емдеу гимнастикасына арналған тренажерлер тапсырды: сауықтыру, механикалық-терапевтік және ортопедиялық, сондай-ақ нейро-ортопедиялық сауықтыру комбинезоны. Жалпы құны: 2 385 000 теңге.
Интернат-үйдің стационар және жартылай стационар жағдайларында психоневрологиялық аурулары бар, 1,5 – 18 жас аралығындағы балаларға көмектесетінін атап өтеміз. Бүгінгі күні стационарда 60-тан астам бала емделуде, 40 бала жартылай стационарда ем алып жатыр. Сенсорлық бөлменің және емдік дене шынықтырумен айналысуға көмектесетін тренажерлердің арқасында балаларда сауығып кету мүмкіндігі пайда болады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/1590-news-kz#sigFreeIdb3f4a72542