«АЯЛА» қайырымдылық қоры Алматы қаласының психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларға арналған интернат-үйіндегі сенсорлық бөлмені жаңа жабдықпен жабдықтады. Бұл жерде пуфик-кресло, «Құс жолы» фиброоптикалық кілемі мен туннелі, «Жыл мезгілдері» декоративтік-дамытушы панелі, құммен сурет салуға арналған жарық үстелі және тағы басқа жабдық бар. Жалпы құны – 1 376 000 теңге. Ал «САТР» орталығы өз есебінен бөлмедегі техниканы жөндеп, босаңсытатын музыкасы бар дискілердің жиынтығын сыйға тартты.
Қазіргі кезде Интернат-үйде 3 – 18 жас аралығындағы 155 бала тұрып жатқанын атап өткен жөн. Олар – жетім және тастанды балалар. Олардың түрлі диагноздары бар. Көпшілігінің ауруы асқынған. Сенсорлық бөлме ағзаның барлық қабылдайтын жүйелеріне әсер ететіні, демек, балаларға өте қажетті керемет терапевтік әсерді қамтамасыз ететіні белгілі.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/1591-news-kz#sigFreeIddd31c7c4e0