«Қамқор Менеджмент» компаниясы қайырымдылықтың тағы бір түрінің үлгісін көрсетті. Бұл күні Тараз қаласындағы Қ. Сарымолдаев атындағы балалық үй мен Шу қаласының А.С. Макаренко атындағы мектепке қараған интернат тәрбиеленушілері үшін осы тораптық темір жол станциясының локомотив депосында танымдық саяхат өткізілді. Бұл өзіндік кәсіптік бейімделу саяхат тек қызық болып қоймай, балалар үшін өте пайдалы болды.
Біздің қор өзінің әрекетін барынша тиімді етуге тырысады, сондықтан, біз осы ұстанымды түсінетін адамдармен қатты қуана жұмыс істейміз. Балалық үйлер мен интернаттардың тәрбиеленушілері үшін, біздің ойымызша, ең маңыздысы оқу орнын аяқтағаннан кейін толық құнды әлеуметтік бейімделуге мүмкіндікті көтеру болып табылады. Бұл істе нақ кәсіптік бейімделу өте маңызды, сондықтан, біз «Қамқор Менеджмент» компаниясының басқармасы мен қызметкерлеріне олардың өте пайдалы шара өткізіп бергендері үшін алғысымызды айтамыз. Депода жүргізген саяхаттарынан басқа, «Қамқор Менеджмент» компаниясы Тараз қаласының Қ. Сарымолдаев атындағы балалық үйге кәсіптік радиомикрофондар жіберді, және Астана және Қостанай қалаларында өтетін сайыстарға баруға болатын балаларға материалдық көмек жасады. Шу қаласының мектепке қарайтын интернатына тұрмыстық техника сатып алынды – үлкен екі камерлі тоңазытқыш пен көтеріңкі жүктеуі бар кір жуғыш мәшинке, ал тұрғын жайда жайлы ахуал жасау үшін 2 әдемі кілем сатып алынды.
Тараз бен Шу қалаларындағы тәрбиелеу мекемелер үшін «Отбасылық ошақтың жылуы» жобасының жалпы бағасы 301 000 теңгені құрады. «АЯЛА» қайырымдылық қоры «Қамқор Менеджмент» компаниясының басқармасы мен қызметкерлеріне біздің ісімізді қолдағаны үшін үлкен разылық білдіреді. Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы компания қызметкерлері «Тыныс ал, балақай» жобасы, Петропавловск пайдасына өткен қайырымдылық BKS-жүгіріске белсеңді қатысқан болатын.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/1702-news-kz#sigFreeIda51097d9c3