Бүгін Астанада отырған біздің қорымыздың өкілі Ксения Филимонова, Елена Яковлева және Майра Тұрсынбекова еркіншілерімен бірге балалық үйінің бастауыш мектебінің оқушыларымен Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеп өтті. Мерекеге 42 бала және 3 тәрбиеші қатысты. Бұл мерекені тойлау формасы М. Горький атындағы орыс драм театрына бару болды. Спектакльдің алдында балалар театр мұражайының экспозициясымен танысты. Қатты қызығушылықпен балалар «Волшебные слова» спектаклін көріп шықты.
Дәстүр бойынша, көріністен кейін балалар гамбургер-меню алды, оған жылдам тағам Hardees мейрамханалар желісі жетекшілері түрлі-түсті шариктер қосып берді. Тамақты тек балалар ғана жеген жоқ, тәрбиешілер де тамақтанды. Педагогтардың біреуі жылап та жіберді, себебі, сыйлықтарды ылғи тек тәрбиеленушілер ғана алатын. Дүниежүзілік балалар күні мерекесінің барлық қатысушылары өте риза болып қалды.
Театр мен көлік үшін билеттеріне төлеген демеуші «Қамқор Менеджмент» ЖШС болды. Барлық мерекенің бюджеті 70 250 теңгені құрады. Біз, балалар үшін қызық шара өткізуге көмектескендердің барлығына – демеушілерге, еркіншілерге, педагогтарға және әртістерге алғысымызды айтамыз.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/1847-news-kz#sigFreeIda8cf83aac6