Бүгін мамандандырылған «Жанұя» кешенінде әлеуметтік – тұрмыстық тұспалдау (ТТБ) бөлмесін ашудың салтанатты рәсімі өтті.
Мамандырылған «Жанұя» кешеніне балалар үйі, интернат және балабақша кіреді. Қазіргі таңда Жанұяда 3-тен 18 жасқа дейінгі 350 жақын тәрбиеленуші бар. Жанұя – ежелгі және ірі балалық әлеуметтік мекемелердің бірі. Мектептік білімнен басқа, балалар және ең неше түрлі саладағы – тігін өнерінің, ағаш шеберлігінің, дизайннің, шаштараз шеберлігінің және т.б. еңбек дағдысын алып жатыр. Бірақ негізгі базасы – ол тұрмыстағы өмірге баулу дағдысы, онда ӘТТ бөлмесінің маңыздылығы көп.
Осындай бөлмелер балаларды күрделі тұрмыстық техникасымен айналысуға үйретуге, өзінің тұрғын үйіне қарау дағдысын дамытуға, кулинарияға, асхана этикетіне, дастархан жаюға және өздік өмірлерінде адамға керек басқа білімдер алуға мүмкіндік береді. «АЯЛА» қоры осындай бөлмелерді жабдықтаған интернаттардың барлық педагогтары тәрбиеленушілердің өздік қасиетті және тұрмысқа бейімделгендерін айтып белгілейді. Балалар үйлері мен интернаттардың көптеген түлектері оларға қарағанға – оларға тамақ дайындағанға, киімдерін жуып бергенге үйретіп алатыны, құпия емес. ӘТТ бөлмелері балалар үйлері мен интернаттарда тәрбиеленіп жатқан балалардың табысты әлеуметтік бейімделу мүмкіндігін маңызды көтереді.
«Жанұя» кешеніндегі ӘТТ бөлмесі тоңазытқыш, кір жуу мәшинесімен, пісіру тақтасымен, духовка шкафымен және сорғышпен жабдықтанды. «АЯЛА» қайырымдылық қоры өз жағынан ӘТТ бөлмесіне асханалық жиһаз, қонақ бөлмесіне жиһаз, дастархандар және асханалық бұйымдар, яғни, шын мәнінде, үйрене бастауға керектің барлығын жіберді. Жиһаз, ішкі көрініс заттарының және ыдыс-аяқтың бағасы 479 200 теңгені құрады.
Осы жобаны іске асырудағы «АЯЛА» қайырымдылық қордың серіктесі электроника мен тұрмыстық техника шығаратын оңтүстік Корей алыбы - Samsung Electronics компаниясы. «Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia» корпоративтік маркентинг департаментінің жетекшісі Дияр ДОСХОЖАЕВ айтқандай: «Samsung өзінің бар жеріндегі елдердің әлеуметтік дамуына үлес қосып отыруға әрқашанда тырысуда. Біз сондай маңызды жобаның бөлігі болуға шынай қуаныштымыз, және, жаңа ӘТТ бөлмесі «Жанұя» кешенінің тәрбиеленушілеріне таланттарын және білімдерін ашуға мүмкіндік берер, тұрмыста да, және олардың болашақ кәсіби әрекеттерінде де пайдалы болатын жаңа таланттарын іске асырар, деп сенеміз».
Мамандандырылған «Жанұя» кешен директоры Талғат ШАЛҒЫМБАЕВ былай деп белгіледі: «АЯЛА» қайырымдылық қоры маған бұрыннан танымалы. Осында да, менің түзету №7 мектеп-интернат директор тұрмысыма да менің қамқорымдағыларым үшін қордың жасап жүрген мейірімді істері қордың қызметкерлерінің жоғары кәсіпкорлықтарын және сауаттылықтарын көрсетеді. Қор балаларды өздік ересек өмірге дайындау үшін барлық әрекетін жасауға тырысып жүр. Samsung компаниясына, олар көбі аңсайтын ең замануи техникасын ұсынғаны үшін, алғысымызды айтқымыз келеді».
«Осындай жобалар барлық біздің қызметкерлерімізге, және, әсіресе, білім мекемелеріндегі біздің қамқорымыздағылардың педагогтарына өте ұнайды. Бұл жобаны іске асыру шынайы серіктестесудің үлгісі болды. Біздің қор барлық бөлмелерді жиһазбен жабдықтады, ал, Samsung компаниясы өз техникасын төлем ақысыз негізінде ұсынды. Осы бөлменің ашылуын біз көктемдік мерекесі Наурызға ұштадық», - деді Жангелді САРСЕНОВ, «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті.
Мамандандырылған «Жанұя» кешенінің тәрбиеленушілері «АЯЛА» қоры мен Samsung Electronics компаниясына осындай сыйлықтар үшін алғыстарын айтты, және өз кулинарлық қабілеттерін көрсетті. Неше түрлі тағамдар пісіріп дайындапты, дастархан жайыпты, жарылқаушыларды қонақжайлы қарсы алды. Тамақтанғаннан кейін балалар шамалы концерт қойды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2001-news-kz#sigFreeId8c9ebfed5c