«Мейірімді істер жасайық» (4D) «Давайте делать добрые дела») жобасын жалғастыра, біз Алматы қаласының №2 балалық үйінің тәрбиешілері және тәрбиеленушілерімен қосыла 27 наурызда өтетін Халықаралық театр Күнін атап өттік. 30 бала және 3 педагог біздің қордың әлеуметтік жобалар кураторымен бірге Н. Сац атындағы ЖКТ-дағы «Жоғалтылған уақыт туралы ертегі» спектаклінің көрермендері болды. Негізі, спектаклдің педагогикалық мәні болды, ал, театрлік көріністің ахуалы ұл балалар мен қыз балаларға рухани мәдениет жағына тағы бір қадам жасауға мүмкіндік берді.
Театрға жасаған саяхаттың шығыны 35 400 теңгені құрады. Бұл шараның демеушісі болып танымсыз болып қалғылары келген жас адамдар шықты. Қайырымдылық ұйымдардың қызметкерлері үшін қайырымдылықтың осындай түрлері белгілі. Осындай жағдайда бізді екі зат қуантады – қайырымдылық қор жұмысына деген сенімділік, және жас адамдардың осындай мейірімді дәстүрге қосылып жатқандары.
«4D» жобасының шектеуіндегі барлық мерекелер аса үлкен емес бюджетті қажет етеді, сондықтан, тұрақты кірістің көзі бар әр адамның осындай мерекенің меценаты болып жалғыз да шығуы мүмкін. Ал, егер бұған өз әріптестері мен жолдастарын әкелсе, қаржылық жүк бір адамға іс жүзінде байқалмай да қалады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2010-news-kz#sigFreeIdb1efea6130