29-03-2016 Көктемнің оянуын атап өтеміз!

Алматы қаласының № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілері шуақты көктем мерекесі ...

Алматы қаласының № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілері шуақты көктем мерекесі – Наурыз мейрамын спорттық екпінмен және аса көңілді көңіл-күймен атап өтті. Бағдарлама алуан түрлі және жан-жақты болды. Ең басында белгілі аниматор Асхат балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ол  Jokeasses вайнерлерімен, Tolebi виджейіменжәне Bit west тобыменбірге конкурстар, эстафеталар және спорттық сайыстар өткізді. Елу шақты ұл мен қыз барлық ойындарға қуана қатысты. Одан кейін әрбір бала  Samsung Electronics Central Eurasia компаниясынан сыйлық алды.

Сонымен бірге, компания мекемеге спорттық жабдық – футбол торларын, тартатын арқан, боксер шлемдерін, футболға, баскетболға және волейболға арналған доптарды, үстел теннисіне арналған ракеткаларды, самокаттар, «Тоғыз құмалақ» ойынын және басқа да жабдықты тапсырды. Бұл шаралармен мереке аяқталған жоқ. «Тюбетейка» мейрамханасы барлық балаларға манты, бауырсақ және басқа да тәтті тағамдардан ауыз тигізді. Іс-шараның жалпы қорытындысы – 637 284 теңге. Мереке керемет өтті!

  Барлық фотосүреттерді жүктеп