Иллюзионистер шоуы, көп балмұздақ және сыйлықтар! Алматыда БалмұзDAY мерекесі өтті. Бұл күні Орталық мәдениет және демалыс саябағында бүкіл қаланың балалары жиналды. Балалардың арасында біздің қамқорлығымыздағы балалар – «SOS Алматы балалар ауылының» тәрбиеленушілері де бар. 30 ұл мен қыз сахнадағы көріністі тамашалады. Күні бойы кішкентай балалардың көңілін Мұрат Мұтұрғанов және кішкентай қар адамы Балмұздашка көтерді. Оларға Полярлық кішкентай аю, Аққала, Кішкентай пингвин және Аляскадан Қыз көмектесті. Олар ең тәтті балмұздақтың қайда сатылатынын көрсетті, сондай-ақ ауырып қалмау үшін оны қалай дұрыс жеу керектігі туралы айтып берді.
Фестиваль алматылықтардың назарына қымыздан жасалған шын мәніндегі қазақ балмұздағы Kum Ice балмұздағын ұсынды. «SOS Алматы балалар ауылы» тәрбиеленушілерінің келуін Fine design жарнама агенттігі және «АЯЛА» қайырымдылық қоры ұйымдастырды. Демеушісі Шин-Лайн компаниясы болды. Ол – Қазақстандағы балмұздақ пен пакеттегі сүттің аса ірі өндірушісі. Балалар аттракциондарға тегін мініп, нағыз балмұздақтың дәміне риза болды. Барлығы мерекеге осы мекеменің балаларына қолдау көрсету үшін 85 754 теңге жиналды. Бүкіл сома балалардың мұқтаждықтарына жұмсалатын болады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2248-news-kz#sigFreeIdb166b0649a