25 елден төрт мың адам. Биыл осынша спортшы Гауһар Брамлей-Фентонның және Астана қаласы әкімдігінің жіті басшылығымен кезекті рет ұйымдастырылған астаналық марафонда жүгірді. Оған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Республика Президенті аппаратының басшысы Әділбек Жақсыбеков, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ белгілі спортшылар, оның ішінде Александр Винокуров және Серік Сәпиев қатысты. Әрбір қатысушы өзіне арақашықтық таңдады: 42,2 км; 21,1 км; 10 км және эстафеталық жүгіру. «Астана Марафон 2016» жүгірудің басы мен мәресі «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығының қасында ұйымдастырылды.
Қазақстандық спортшылар Данияр Елеусінов, Серік Сәпиев, Василий Левит, Гюзель Манюрова, Елдос Сметов, Фархад Харки, Арман Чилманов, Джансель Дениз және Екатерина Немич барлық тілек білдірушілермен суретке түсіп, сондай-ақ қолтаңбаларын қойды. «АЯЛА» қайырымдылық қоры іс-шараның бенефициарларының бірі болды. Қордың іс-шараға қатысуы Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы балалар үйі үшін сенсорлық бөлмеге қаражаттың бір бөлігін жинақтауға мүмкіндік берді. Мекемеде 4 – 17 жас аралығындағы 80 тәрбиеленушінің тұрып жатқанын атап өткен жөн. Демеушілердің қаражатына сатып алынған жабдық ұстаздарға тәрбиеленушілермен түзету-дамыту жұмысын жүргізуге жәрдемдеседі.
Марафон кезінде «АЯЛА» қорына корпоративік демеушілер – АТФ Банк, Қамқор Менеджмент, Автогаз Трэйд, әріптестер – Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы, Қазақстан Бокс Федерациясы, сондай-ақ жеке жарыста жүгірген желаяқтар қолдау көрсетті. Жинақталған сома – 1 515 200 теңге. Астанада қайырымдылық марафоны алғаш рет өткен жылы 13 қыркүйекте өткізілгенін еске саламыз.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2283-news-kz#sigFreeIdf4a6b27112