Алматының SOS балалар ауылының тәрбиеленушілері бүгінгі күннен бастап мектеп пеналдарын, дәптерлері мен қаламдарын жаңа рюкзактарда сақтайтын болады. «АЯЛА» қоры балаларға 11 мектеп сөмкесін салтанатты түрде тапсырды. Жаңа рюкзактарға қаражат БалмұзDAY фестивалінде жиналды.
Мерекенің шілденің соңында Орталық мәдениет және демалыс саябағында өткенін еске саламыз. Ол кезде мұнда бүкіл қаланың балалары жиналған болатын. Балалардың ішінде біздің қамқорлығымыздағы балалар – «Алматының SOS балалар ауылының» тәрбиеленушілері де болды. Олардың келуін Fine Design жарнама агенттігі және «АЯЛА» қоры ұйымдастырды. Демеушісі Шин-Лайн компаниясы болды. Балалар аттракциондарға тегін мініп, балмұздақ жеді. Қор жиналған 86 200 теңге сомаға рюкзактар сатып алды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2293-news-kz#sigFreeIdeb818a423b