Алматы қаласының № 1 балалар үйінің сәбилері үшін бұл күн сүйкімді сыйлықтардан басталды. Бұл сыйлықтар аязды күні аса қажет әрі жылы сыйлықтар. Балалар жасыл, қызғылт, сары және көгілдір ақық түсті мойынорағыштар мен бөріктерді қуана киіп көрді. Әрбір бала өзіне ұнаған жиынтықты таңдап алды. Қысқы аксессуарлар – «Шеврон» компаниясы қызметкерлерінің қолөнер бұйымдары. Өз қолының жылуымен бөлісу идеясы БАҚ-пен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестіруші Айнұр Сыдықоваға тиесілі.
Айнұр бала күнінен бастап тоқиды. Әрбір бұйымына өз жанының бір бөлшегін береді. Оның коллекциясында ондаған кардиган, свитерлер және бөріктер бар. Ең сүйікті, бірақ техникалық тұрғыдан күрделі жұмыстардың бірі – свитер, оны Айнұр бірнеше ай бойы тоқыды. Оның айтуынша, ең бастысы – тоқылған бұйымына беретін энергетика. Әріптестер Алматы балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін бұйымдар тоқу идеясына қуана қолдау көрсетті. «Шеврон» компаниясының волонтерлік жобасына шамамен 20 қызметкер қатысты. Нәтижесінде үш – жеті жас аралығындағы 30 бала тек жылы аксессуар ғана емес, сол сияқты жағымды әсер алды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2343-news-rus#sigFreeId6e7c577da0