27-11-2016 Қызыға дайындаймыз, сурет саламыз, шеберлікпен іс жасаймыз!

№ 1 балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары бұл жексенбілік сабақтарға үлкен...

№ 1 балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары бұл жексенбілік сабақтарға үлкен қызығушылықпен және шынайы ниетпен барады. Жайлы аудиторияда оларды оқытушы Анар Айтекенова, «Шеврон» компаниясының қызметкерлерін оқыту мен дамыту жөніндегі маман күтіп отыр. Анар өткізген әрбір сабақ әдеттегіден тыс атмосфераға, оң жағдайларға және жақсы көңіл-күйге толы. бұл жерде қыздарға орамалдар, алжапқыштар және барлық қажетті асүй бұйымдары дайындалған. Анардың айтуынша, ол асүйдегі тазалықты ұнатады және оған өзінің қамқорлығындағы қыздарды да үйретеді. Бүгін қыздарда ерекше асмәзірі  – ірімшілік қосылған тәтті тосттар және өте тәтті Брауни десерті. Жеңдерін түріп, қыздар өз міндеттерін бөледі. Бір сағаттан соң кәдімгі асүй шедеврлерін тамашалауға болады.

Жұмыс барысында Анардың айтуынша, ең бастысы – жай ғана дайындау емес, маңызды жағдай – тағамды баршамен бөлісіп жеу. Өздері дайындаған тостар мен десертті жей отырып, тәрбиеленуші қыздар ұстазымен армандарымен бөліседі. Сабақтың алдында олардың әрқайсысы ересек өмірінде кім болғысы келетіні туралы бейнесін салды. Біреуі әнші, тағы біреуі тергеуші болғысы келеді, қыздардың арасында болашақ ұстаздар мен дәрігерлер де бар. Анар Айтекенованың айтуынша, Алматы балалар үйінде осындай кездесулер екі аптада бір рет өткізіледі. Негізінен оларға 11 – 15 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысады. Идея өте көп, ас дайындағысы, сурет салғысы және қолөнер бұйымдарын жасағысы келетіндер одан да көп. Сондықтан «Шеврон» компаниясының волонтерлік жобасы тағы да кемінде жарты жыл жалғасады.

 Барлық фотосүреттерді жүктеп