«Жанұя» мамандандырылған кешенінің 90 баласы Жаңа жылды «АЯЛА» қорымен және Samsung Electronics Central Eurasia компаниясымен бірге атап өтті! Балалар қордың «Аяз Атаға хат» жобасының шеңберінде хаттар жазды. Олар хаттарында футбол формасын, кесте тігуге арналған жиынтықтарды, бөріктер, бөкебайлар, робот-трансформерлерді, полиция қызметкерінің кәсіптік жиынтықтарын және басқа да көптеген сыйлықтарды сұрады. Сүйікті жобаға 1 – 11 сыныптардың оқушылары қатысты.
Алайда мұнымен тосын сый біткен жоқ. Акробаттардың, сиқыршылардың, иттерді жаттықтырушылардың қызықты нөмірлері бар кәдімгі Smile шоуды Мұрат Мұтырғанов және оның командасы көрсетті. Балалар бір сағаттық көріністі үлкен қызығушылықпен тамашалады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2364-news-kz#sigFreeId76615fa69c