Мейірімді Сиқыршы Алматы қаласындағы балалар психоневрологиялық интернат-үйдің балаларын да ұмытқан жоқ. Әдемі киінген ұлдар мен қыздар оны таңертеңнен бері күтті. 5 – 17 жас аралығындағы 145 бала Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының және «АЯЛА» қоры қызметкерлерінің қолынан тәтті тағамдар алды. Ең бастысы, балаларға сайқымазақтардың, сиқыршылардың, акробаттардың және Қазақ мемлекеттік циркінің басқа әртістерінің қатысуымен жан-жақты бағдарламаны көрсетті. Бір сағаттық қызықты іс-шара балаларға тамаша әсер етіп, ұмытылмастай көңіл-күй сыйлады!
Бұл күні интернат тәрбиеленушілерінде қонақта Диана Азимова да болды. Ол мекемеге музыкалық жабдық сыйға берді, оның жалпы құны 591 980 теңгені құрады. Ақшаны Дианаға туған күнінде сыйлады. Ал туған күн иесі өз кезегінде оны балаларға сыйлық ретінде беруді шешті. Диана сыйлаған 142 000 теңгеге қор жаңажылдық сыйлықтарды сатып алып, «Арман» кинотеатрындағы Жаңажылдық іс-шарада аниматорлардың жұмысына ақы төледі.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2365-news-kz#sigFreeId0475bf38e5