Алматы облыстық № 1 балалар үйінің отыз тәрбиеленушісі Қысқы Универсиада 2017 спорттық сайыстарына барды. Балалар Ұлыбритания мен Канада командаларының қатысуымен өткен хоккейден іріктеу ойынына қатысты. Құны 91 000 теңге болған жобаның демеушісі «Эйр Астана» ұлттық әуекомпаниясы болды.
«Халық Арена» аумағындағы екі сағаттық қызу ойыннан кейін балалар «Мамамия» мейрамханасында тәтті түскі ас ішті. 28-ші Қысқы Универсиаданың Алматы қаласында 29 қаңтарда басталғанын және 8 ақпанда аяқталатынын еске саламыз. Оған әлемнің 54 елінен 2 243 спортшы қатысуда. Сайыстар 8 спорттық объектісінде спорттың 12 түрі бойынша өтеді. Балалардың сайысты көруі «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Игі істерді жасайық» жобасының шеңберінде өтті.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2395-news-kz#sigFreeId2aa715eac7