Үстелдің үстінде суреттер және карточкалар жатыр. Ал партада он ұқыпты оқушы қыз отыр. Олардың әрқайсысы жаңа сөздерді сенімді түрде айтып, мұғалімнің артынан сөз тіркестерін қайталайды. Алматы қаласындағы № 1 балалар үйінде ағылшын тілінің үшінші сабағы өтуде. Сабақтарды «Шеврон» компаниясы және «АЯЛА» қоры ұйымдастырды. Оқытушылар рөлінде – «Шеврон» компаниясының қызметкерлері Әлия, Гүлзира және Олеся. Олардың бәрі шет тілін тамаша біледі және оқушылармен білімін бөлісуге дайын. Курс тыңдаушыларының ішінде «Айгөлек» тобының 1 – 4 сынып қыздары.
Мұғалімдердің айтуынша, олар үшін балаларды оқыту – ғанибет. Сабақтарда шығармашылық ахуал. Тәрбиеленушілер сурет салып, доп ойнайды, бұл ретте бәрін тек ағылшын тілінде істейді. Қазір оқушылардың тіл білу деңгейі қарапайым, бірақ ұстаздар оның уақытша екендігіне сенімді. Таяу болашақта олардың қамқорлығындағы балалар өздері үшін жаңа тілде еркін сөйлей алады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2434-news-kz#sigFreeId3f69555e47