Балмұздақ, әткеншек, жаңа таныстық күні және, әрине күлімсіреу күні! Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін жыл сайынғы мереке – Күлімсіреу күні өтті. Дәстүр бойынша оны оныншы жыл қатарынан екі қайырымдылық қоры – «АЯЛА» және «Дара» ұйымдастырды. Үш сағат бойы балалар алаңсыз көңіл көтерді. Биыл «Алматы Қиял-ғажайып әлемі» саябағына № 1, № 2 қалалық балалар үйлерінің, «Жанұя» мамандандырылған кешенінің, № 1 облыстық балалар үйінің, Алматы SOS балалар ауылының, Талғар қаласының отбасылық үлгідегі «Нұр» балалар үйінің бес жүзден астам тәрбиеленуші келді. Бұл мереке күні олар қарбалас оқу жылының аяқталуын және көптен бері күткен жазғы демалыстың басталуын атап өтеді. Биыл мерекені өткізуге «Алматы Қиял-ғажайып әлемі» саябағы, «АйсМастер-Айс Крим», «Starbucks» компаниялары және «Қағанат» асханалар желісі қолдау көрсетті. Іс-шараның бюджеті 1 255 950 теңгені құрады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2516-news-kz#sigFreeId2120b9cc21