Қызықты және күлкілі оқиғаларды телефонға қалай дұрыс түсіруге болады? Аудиторияның көңілін қалай табуға болады? Танымал интернет-пайдаланушы болу үшін не істеу қажет? Осы және басқа сұрақтарға танымал блогерлер мен вайнерлер жауап берді. Оларды өздерінің қонақтары ретінде Талғар қ. «Ковчег», «Нұр» балалар үйлерінің, Алматы қ. SOS балалар ауылының және «Жанұя» мамандандырылған кешенінің тәрбиеленушілері таңдап алды. Балалар өздерін журналист ретінде сезіне білген әдеттегіден тыс баспасөз конференциясы Assorti мейрамханасында өтті. Оны «АЯЛА» қайырымдылық қоры және Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы ұйымдастырды.
Блогерлер және вайнерлер 6 жасар Әмина Малғаждар, Бексұлтан Қазыбек, Ахмад Хельми, Артур Асқарұлы, Адина Топашева және Нағима Ахметова бұл күні балаларға тамаша көңіл-күй сыйлады. Баспасөз конференциясын Асхат Халимов жүргізді. Қызу әңгімеден кейін фотосессия болды және әрине, түрлі тағамдары бар дастархан жайылды. Бұл күні ешкім сыйлықсыз қалған жоқ. Барлық балалар «Қалай блогер болуға болады» деген кітаптарды және моноподтар алды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2530-news-kz#sigFreeId3ab75a2333