Бүгін Алматыдағы балалар үйіндегі ағылшын тілі сабағы әдеттегіден тыс форматта өтті. Үстелде – оқулықтардың орнына тәтті тағамдар. Ал сахнада осы курстың үздік оқушылары. Олар билеп, ән айтуда және өздерінің мұғалімдері Әлияға, Гүлзираға және Олесяға берген білімі үшін алғыс білдіруде. Балалар үйінде ағылшын тілінен сабақ беруді «Шеврон» компаниясының үш қызметкері «АЯЛА» қайырымдылық қорының көмегімен биыл ақпанда бастаған болатын. Бес ай бойы олардың қамқорлығындағы балалар жаңа сөздерді ұқыпты жаттады, ұстаздарына еріп сөйлемдерді қайталады және бүгінде, мұғалімдердің айтуынша, өткізілген сабақтардың тиімділігі туралы батыл айтуға болады. 1-4 сынып аралығындағы сегіз оқушы қыз курсты аяқтағаны туралы сертификаттар алды. Енді ағылшын тілін оқуды олар жаңа оқу жылының қыркүйегінде жалғастырады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2535-news-kz#sigFreeIdf87a78eff0