16-06-2017 «Салауатты болашақ» балалардың көзімен

29 бала «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің қарсаңындағы «Салауатты болашақ»...

29 бала «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің қарсаңындағы «Салауатты болашақ» қызықты сурет конкурсының қатысушылары болды. Жеңімпаз мәртебесін иелену үшін балалар екі апта бойы иллюстрациялармен жұмыс істеді. Барлық суреттер денсаулық тақырыбына арналды. Конкурсқа астананың үш мекемесінің: балалар үйінің, «SOS балалар ауылының» және арнайы түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қатысты. Жеті – он бес жас аралығындағы балалар өздерінің шығармашылық қабілетін көрсетті. Суреттерді қазылар алқасы және сонымен қатар конкурсты ұйымдастырушылар – «АЯЛА» қайырымдылық қорының, «Медикер» медициналық компаниясының және Philips компаниясының өкілдері бағалады. Конкурстың ең толқытатын бөлігі – марапаттау рәсімі «Медикер» компаниясының көрме павильонында өтті.

 Сонымен, «Салауатты болашақ» атты балалар суреті конкурсының жеңімпаздары:

1-орын - Ержан Дінислам

2-орын - Ирина Олейник

3-орын - Любовь Чугаева 

Номинациялардағы жеңімпаздар:

«Тақырыпты дәл ашу» - Анатолий Попов

«Ең жас суретші» - Ержан Қасқырбай

«Креативтік пайым» - Владимир Олейник

«Ең ашық сурет» - Ұлан Тасболат

«Болашаққа көзқарас» - Лана Ибраева

«Табиғатпен бетпе-бет» - Альбина Нұрбекова

Жеңімпаздар демеушілерден бағалы сыйлықтар алды, басқа қатысушылар да назардан тыс қалған жоқ, себебі қазылар алқасының пікірі бойынша, барлық жұмыстар назар аударуға және жүлделі орынға лайық болды.

 

  Барлық фотосүреттерді жүктеп 1