Ақмола облысының Ақкөл қаласының №1 балалар үйінің 19 тәрбиеленушісі Экспо-2017 халықаралық көрмесін тамашалады. Қызықты экскурсия Astana Contemporary Art Center орталығынан басталды, онда балалар ерекше өнер иелері – Франция Ұлттық мұражайлары және Үлкен Сарай (Grand Palais) Бірлестігі және «Гараж» Заманауи өнер мұражайы суретшілерінің жұмыстарымен танысты. Астананың жас қонақтарына арт-орталықтың екінші қабатында орналасқан Artists&Robots көрмесі ерекше ұнады. Мұнда 13 елдің 17 заманауи суретшісінің еңбектері ұсынылған. Олардың қатарында натурадан сурет салатын роботтар, робот-мүсінші, видео-арт және тағы басқа бар. Сонымен қатар Ақкөл қаласының балалар үйінің тәрбиеленушілері осы жерде күнделікті өтетін өнер бойынша шеберлік класына қатысты. «АЯЛА» қорының қамқорлығындағы балалар үшін осындай іс-шараларды апта сайын ұйымдастырғаны үшін Art Visit агенттігіне және жеке Динара Амангильдинаға үлкен алғыс білдіреміз. Экспода ең қызықты алаңдардың бірі ретінде көріне білген тақырыптық павильонында және Shell компаниясының павильонында балаларды көптеген қызықты оқиғалар күтті. Тығыз кестеге қарамастан, тәрбиеленушілер бүгінгі күні келушілердің саны бойынша топ-рейтингті басқарып отырған Африка павильонына да, сондай-ақ Ресей, Грузия және Түркімения павильондарына барып үлгерді.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2567-news-kz#sigFreeIdb6b71b164f