Екі күн – 16 және 17 тамызда «Астана Экспо-2017» халықаралық көрмесін Қарағанды облысының Сарань қ. «Преображение» және Ақмола облысы Есіл қаласының № 2 балалар үйлерінің тәрбиеленушілері тамашалады. 51 бала мен 7 ілесіп жүретін адам Экспоның ең қызықты павильондарында болды. Балалардың қызығушылығында шек болған жоқ – олар заманауи арт-орталықтың әрбір экспонатын қызықтады және әрине, оларды іс-қимылы ерекше назар аударуды талап еткен робот-суретшілер таң қалдырды. 3D графикте үрлеп құмыра салу, электрондық бақбаққа үрлеу – балалар үшін өте көңілді болды.
Астананың жас қонақтары үшін арт-орталық жаңалық болса, «ұзын құлақтың» (адамдардан естуі бойынша) арқасында «Нұр әлем» павильоны олардың тілек-ықыластарының бастысы болды. Балалар бірінші кезекте шарға – қазақстандық павильонға асықты. Тақырыптық павильон да барынша қызықты болды. Бүкіл көрме павильонын қарап шығу үшін бір күн аз. Балалар тағы да қалғысы келді, бірақ жол алыс, күн жарығында үйге қайту керек.
«АЯЛА» қоры Ақмола облысының Есіл қаласының тәрбиеленушілеріне жайлы номерлерді ұсынғаны үшін «Рамада Плаза Астана» отеліне және балаларды тамақпен қамтамасыз еткен Bini Burger-ге үлкен алғыс білдіреді. «Арт-орталық» павильонына және жеке Динара Амангелдинаға айрықша алғыс айтамыз!
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2580-news-kz#sigFreeId13361fc89e