Интерактивті ойындар, қызықты киносеанс, ұшқышпен ұмытылмас кездесу – осының бәрін «АЯЛА» қорының қамқорлығындағы балалар үшін біздің тұрақты демеушіміз және әріптесіміз – «Эйр Астана» әуекомпаниясының қызметкерлері дайындап, өткізді. Астана қ. SOS балалар ауылының 10 тәрбиеленушісі компанияның павильонына үлкен ықыласпен барды, еліміздегі аса ірі әуе тасымалдаушысының пайда болу тарихымен танысты. Ұшқыш Константин Скляровтың тәжірибесі мен өтілі үлкен. Ол қонақтарға әуедегі ең төтенше жағдайлар туралы, осындай аса жауапты жұмыстың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы айтып берді. Одан кейін балалар «ЭКСПО-2017» көрмесіне барды. Олар химиялық шоуды тамашалады, оның шеңберінде оларға құрғақ мұзбен тәжірибе көрсетті. Сонымен бірге олар энергетикалық зертхананы көрді, онда әрбір балаға өз планетасын құруға мүмкіндік берілді. Қызықты бағдарламадан кейін «Эйр Астана» әуекомпаниясы «АЯЛА» қайырымдылық қорымен бірлесіп балаларға тәтті тағам дайындады. Әрине, ешкім де сыйлықсыз кеткен жоқ.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2582-news-kz#sigFreeId21cc3bfb8f