Ақмола облысының Урюпинка ауылының № 1 балалар үйінің 45 тәрбиеленушісі «Астана Экспо-2017» павильондарында қызықты квестен өтті. Олардың алдында «болашақ энергиясын» табу міндеті тұрды. Балалардың қолында 174 гектарға тең халықаралық көрменің картасы болды, ал міндет сол күні жарқырап тұрған күндей айқын болды. Бір жарым сағатта мақсатқа қол жеткізілді – балалар Нидерланд Корольдігінің, Австрияның, Швецияның, Тайландтың және Ресейдің павильондарынан алған сыйлықтармен шыққан жеріне – барлығы басталған «Шелл Қазақстан» компаниясының павильонына оралды. Бұл ойын-сауық-танымдық бағдарламаны балалар үшін Нидерланд Корольдігінің және «Шелл Қазақстан» компаниясы павильондарының командалары әзірледі. Бәрі ұйымдастырылды: көлік, тамақтану, барлық павильондарға кезексіз бару. Балалар жаппай назарда болды және бұл оларға қатты ұнады. Балалар бәрінен бұрын «Нұр Әлем» павильонына барғысы келді және бұл арманын ұйымдастырушылар жүзеге асырды. Бала бақытты болу үшін тағы не керек?!
«АЯЛА» қайырымдылық қоры Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Дирк Ян Коп мырзаға, сондай-ақ Нидерланд Корольдігінің және «Шелл Қазақстан» компаниясы павильондарының ең позитивтік командаларына үлкен алғысын білдіреді. Игі істерді бірге жасауды жалғастырайық!
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2589-news-kz#sigFreeId28f4b9c569