04-07-2017 Болашаққа сеніммен қарау

Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған...

Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 балалар үйінде екі шеберхана – шаштараз, маникюр және визаж студиясы, сондай-ақ темір-ағаш ұстасына арналған бөлме ашылды. Кәсіби бөлмелер «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Шебер қолдар» атты республикалық жобасының шеңберінде LR компаниясының Ауқымды Балалар Қорының демеушілік қолдауымен таныстырылды. Жалпы құны – 2 475 450 теңге.

Ашылу салтанатына астаналық SOHO сұлулық салонының шебері Нұрсұлу Сәукелеева шақырылды. Астанадан келген қонақ сәнді шаш қою үлгілері бойынша шеберлік класын өткізді. Ашылу салтанатының ең қызықты бөлігі шаш қою үлгілерінің конкурсы болды, оған балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары қатысты. Барлық конкурсқа қатысқан қыздарға сыйлықтар   – LR компаниясынан әтірлер берілді.

Жаңа оқу жылынан бастап балалар үйінде маникюр, визаж, шаштараз және темір-ағаш ұстасы ісінің курстары басталады. Осылайша, балалар үйінің тәрбиеленушілері сертификатталған мамандар болады.

  

 Барлық фотосүреттерді жүктеп