Астана қ., Ақмола және Қарағанды облыстарының мемлекеттік балалар мекемелерінің 240 тәрбиеленушісі мен тәрбиешісі «Астана Экспо-2017» көрмесін тамашалады. Көрме кезеңінде «АЯЛА» қайырымдылық қоры апта сайын орташа алғанда 18 адамға экскурсия ұйымдастырды. Балалар тәрбиешілері мен аналарымен бірге халықаралық көрменің ең қызықты павильондарымен танысты. Бірінші кезекте, олардың назарына Заманауи өнер орталығының және «Шелл Қазақстан» компаниясының павильондары ұсынылды, онда күн сайын балаларға арналған шеберлік кластары және арнайы ойын-сауық-танымдық бағдарламалар өткізілді. Әрине, барлығы үшін бүкіл назар шарға – «Нұр әлем» қазақстандық павильонына аударылды. Қалған елдердің павильондары да назардан тыс қалған жоқ – негізгі бағдарламадан кейін балалар оларды өз қалауынша таңдады. 2017 жылғы жаз балалардың есінде мәңгі қалады. Экспо көрмесінің арқасында олар энергияның балама көздерін, оларды қайта өндіру әдістерін танып білді.
Тапсыру рәсіміне лагерьге кеткендіктен келе алмаған жас суретшілер – «Салауатты болашақ» конкурсының қатысушылары да Экспо көрмесіне келіп, өз жүлделерін алды.
«АЯЛА» қоры «Астана Экспо-2017» халықаралық көрмесі барысында біздің бастамамызға қолдау көрсеткен барлық демеушілерге және әріптестерге алғыс білдіреді!
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2640-news-kz#sigFreeIdb7e56d3fe1