Алматы қаласындағы SOS Балалар ауылында регби бойынша шеберлік класы өтті. Мекеменің тәрбиеленушілері үшін спорт мерекесін «АЯЛА» қайырымдылық қоры және «Эйр Астана» әуекомпаниясы ұйымдастырды.
Ұлттық санаттағы кәсіби судья Евгений Купреев және Қазақстанның регби бойынша құрама командасының бұрынғы капитаны Тимур Машуров ең алдымен балаларға ойынның ережелері туралы айтып берді және кейбір ойын тәсілдерін көрсетті. Содан кейін 5 – 15 жас аралығындағы 26 бала екі командаға бөлініп, жеңіс жолындағы күресті бастады. Ұйымдастырушылар белгілеген ереже бойынша, алаңда тұрақты түрде екі командадан жеті адамнан болды, алайда ойыншыларды ауыстырудың арқасында ойынға барлығы қатыса алды. Балалар бір сағатқа жуық уақыт ойнады, нәтижесінде сайыс 6:6 есебімен аяқталды. Барлық балаларға кубоктар мен ескерткіш сыйлықтар тапсырылды.
Қазақстанның регби бойынша құрама командасының бұрынғы капитаны және «Эйр Астана» ұшқышы Тимур Машуров ойын барысында барлық қатысушының тамаша ойнағанын атап өтті.
«Сіз білесіз бе, кішкентай балаларға қарағанда ересектеу балаларға ойнаған қызықты болды. Барлығы тырысып, жақсы ойнады, осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізген жақсы дәстүр болар еді. Мен осындай жаттығуды әр демалыста өткізуді құптаймын. Сол кезде балаларды шын мәнінде қызықтыруға болады», - деді Тимур Машуров.
Шеберлік класына қатысушылар да өз әсерімен бөлісті.
Аня, 13 жаста: «Бүгін бізде сайыс болып, мен гол соқтым! Бұл өте қызықты ойын! Өз командаң үшін гол соққан сезім маған қатты ұнады!»
Гриша, 13 жаста: «Бұл ойында ойлану қажет. Ең бастысы ұнағаны, доп ұстап жүгірген кезде барлық ойыншының саған жаппай құлайтыны».
Дінмұхамед, 13 жаста: «Бүгін ұшқыштар біздерді регби ойнауға үйретті. Маған олардың ойын ережесін түсіндіргені және ойынның өзі ұнады. Біздерге жиірек келіп, бізбен ойнағанын қалаймын».
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2665-news-kz#sigFreeIde26dc63226