«Жетім балаларды және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды жанұяға орналастыру нысандарына қызмет көрсету институтының әлеуетін дамыту» жобасының шеңберінде SOS Балалар ауылының тәрбиеленушілері мен қызметкерлері көшпелі тренингке барды. Балалар мен ересек адамдар таза ауада өзара іс-қимыл жасаудың ойын түріндегі нысандары, отбасындағы махаббат пен достықты және оңтайлы қарым-қатынас жасаудың дағдыларын қалай дамытуға болатыны туралы білді.
Жобаның мақсаттары мынадай болды: жанұядағы көңіл-күй жағдайына диагностика өткізу, қажетті көңіл-күй-психологиялық қолдау көрсету, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастардың жақсаруына және тиімді өзара іс-қимыл дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету. Бұл сапар табиғатқа барып демалудың және ресми емес жағдайда сөйлесудің жанұядағы өзара қарым-қатынастарға оң әсер ететінін дәлелдеді.
Бұл жоба ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастаманы қолдау орталығы» КЕАҚ-тың «Бала және жанұя» грантының шеңберінде іске асырылуда. Біз сапарды ұйымдастыруға көмек көрсеткені және берілген ыңғайлы көлік үшін Ritz Carlton Almaty отеліне алғыс айтамыз.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2679-news-kz#sigFreeId0b451e3aa4