Дүниежүзілік балалар күнін 20 қарашада атап өтіледі, бірақ сіз бүлдіршіндерді әрдайым қолдап, олардың көңіл-күйін көтере аласыз. Қалай дейсіз ғой?! Қалауыңызша! «Комсомольская правда в Казахстане» газетінің редакциясы жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарына көмектесуді шешіп, 8 және 9 сыныпта оқитын №1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілерін қонаққа шақырды. Қыздар мен балалар таңғы жиналысқа қатысып, бір мақаланы жазуға қанша уақыт қажет екенін, суреттеуді кім және қалай таңдап, түстерін кім түзететінін білді. Балалар дизайнер-верстальщиктер мәтіндер мен суреттерді газет бетіне қалай орналастыратынын, дайын макет жасауды және фотографтың газеттің веб-сайтына қысқа бейнероликтерді қалай монтаждайтынын көрді. Оқушылар жұмысқа қатты қызығып, фотограф пен дизайнер болғысы келетіндерін айтты.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры ашық есік күнін өткізгені үшін «Комсомольская правда в Казахстане» газетінің ұжымы мен бас редакторы Наталья Соколоваға алғысын білдіреді.
Сіз де балаларға қуаныш сыйлай аласыз. Жақсылықты бірге жасайық!
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2719-news-kz#sigFreeId3365c84803