Психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған интернат-үйдің тәрбиеленушілері үшін MEGA Park-ке серуен ұйымдастырылды! Балалар EVRIKUM ғажайыптар паркінде химиялық шоу қарады, 3D-бөлмеде және басқа да қызықты залдарда болып, естелікке суретке түсті. Денсаулық жағдайына байланысты балалар интернаттан сыртқа сирек шығады, сондықтан осындай серуендер олардың көңіл-күйін көтереді. Ұлдар мен қыздар мәз болып, паркке барудан керемет әсер алды. Бұдан басқа, EVRIKUM басшылығы балаларға жаңа жылдық сыйлықтар – планшеттер дайындады, ал KFC тәтті түскі ас ұйымдастырды. Тамақтанып алып, балалар «АЯЛА» қайырымдылық қорынан сыйлықтар алып, интернатқа қайтты. Мереке бюджеті 90 000 теңгені құрады.
Қор EVRIKUM ғажайыптар паркінің, KFC және MEGA Park әкімшілігінің ұжымдарына мереке күнін ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреді және мықты денсаулық пен береке-бірлік тілейді!
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2772-news-kz#sigFreeId550ecbc331