ТВ-дағы ток-шоу түсірілімі қалай өтеді, ойын-сауық бағдарламаларын дайындауға қанша адам қатысады және ЖТС дегеніміз не – Алматы қ. SOS Балалар ауылының тәрбиеленушілері осы мәселелерді танып білді. Жоғары сыныптың он оқушысы «Хабар» телеарнасына экскурсияға барды. Балалар операторлардың қалай жұмыс істейтінін, түсіру процесіне кім басшылық жасайтынын қарады және жылжымалы телестанцияның (ЖТС) не үшін қажет екендігін білді. Іс-шара «АЯЛА» қорының кәсіптік бағдарланған жобалары шеңберінде ұйымдастырылды. Біздің экскурсанттарымыздың арасында болашақ керемет режиссер, талантты оператор немесе танымал тележүргізуші өсіп келе жатқан шығар.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры «Хабар» телеарнасының және «Алтын орта» ток-шоуының ұжымына алғыс білдіреді. Одан әрі жемісті ынтымақтаса жұмыс істейтінімізге үміт артамыз.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2811-news-kz#sigFreeId725d93bc11