SOS Балалар ауылының және Астана қ. Арнайы түзету мектеп-интернатының (АТМИ) 20 тәрбиеленушісі мен оқушысы ҚР Қарулы күштері Аэромобильді әскерінің 68665 әскери бөліміне барып қайтты. Іс-шара Халықаралық қорғаныс күніне орай атап өтілді.
Биыл 15 жыл толатын 68665 әскери бөлімінің десанттық-шабуыл бригадасы әскери дайындығын көрсетіп, қару-жарақты бөлшектеу және жинақтау бойынша шеберлік класын өткізді. Сонымен бірге әскери бөлімге келген балалар үшін объектінің инфрақұрылымы бойынша экскурсия өткізді, онда болашақ отан қорғаушылары десанттық-шабуыл бригадасының миссиясы туралы білді.
Әскери бөлімге барған балалардың жасы 14 – 16 жас аралығында. Бұл жаста балаларға жауапкершілік, табандылық сезімін баулу, әскери дайындық туралы алғашқы білімді және тұтастай алғанда болашақ отан қорғаушысына қажетті адамгершілік қасиеттерін баулу маңызды. «Игі істерді бірге жасайық!» жобасының шеңберінде қор еліміздің басқа қалаларында да балалар үшін түрлі іс-шараларды ұйымдастырады. Бүгінгі саяхатты болашақта балаларға кәсіби бағдар беретін жобаға да жатқызуға болады.
Қор ҚР Қорғаныс министрлігінің және 68665 әскери бөлімінің басшылығына осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін үлкен алғыс білдіреді.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2812-news-kz#sigFreeIde805b93b29