«Эйр Астана» авиакомпаниясы арнаулы қоғамдық қызмет көрсететін №2 Алматы қалалық орталығында сенбілік өткізді. Олар мекеменің бірнеше бөлмесіне жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Бүгін орталықта тәрбиеленіп жатқан 150 баланың жартысына жуығы төсек тартып жатыр. Денсаулықтарына қарай балалар мекемеден көп шыға алмайды. Сондықтан ғимаратты тазалықта ұстау өте маңызды.
Тазалау жұмыстары біткен соң, осы орталықта дәріс алып жатқан ұл-қыздарға шырын мен тәттілер таратты.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2843-news-kz#sigFreeId01eacdb425