24-03-2018 «Барыс» хоккей клубының жас жанкүйерлері

Астана қ. балалар үйінің 40 тәрбиеленушісі «Барыс» хоккей клубының ойыншыларын қабылдады.

Астана қ. балалар үйінің 40 тәрбиеленушісі «Барыс» хоккей клубының ойыншыларын қабылдады. Әрине, қонақтар ретінде. Көптен күткен кездесу мектептегі көктемгі демалыс кезінде – 23 және 24 наурызда орын алды. Жас жанкүйерлер сүйікті хоккейшілердің жаттығуына қатысып, көп функционалды спорт кешенімен танысты. Отандық хоккей жұлдыздарымен жүзбе-жүз сөйлесу, фото-, қолтаңба беру-сессиясы және сыйлықтар – «Барыс» ХК-дан сырғытпа таяқтар мен шайбалар балалардың есінде мәңгі қалады. Хоккейшілер үшін жас қонақтармен кездесудің дәстүрлі іс-шара екендігін атап өткен жөн, себебі спортқа деген махаббат кішкентай кезінен басталады.

«АЯЛА» қайырымдылық қоры «Барыс» хоккей клубының басшылығына балалардың сүйікті хоккей ойыншыларымен кездесуін ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді.

 Барлық фотосүреттерді жүктеп