Әлемдік авиация және ғарыш күнін Алматы облысының №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері «Эйр Астана» авиакомпаниясының ұшқыштар мен бортсеріктестерін дайындау орталығында өткізді.
Жиырма шақты бала ұшақты ауаға көтеріп, бір айналым жасап, жерге қонды. Мұның бәрі тек оқу-жаттығу болса да, балалар тамаша әсер алып, өздерін нағыз ұшқыштай сезінді.
14 жасар Илья Фроловкабинада отырып, өзін құтқарушыдай сезінгенін айтады. «Ауаға көтерілген кезді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Керемет болды! Бірақ қалай жерге қонамын деп уайымдап едім, біздің жанымызда болған ұшқыш ағай барлығын түсіндіріп, айтып тұрды. Сондықтан бәрі ойдағыдай өтті. Ұшып бара жатқанда мен өзім құтқарушы ұшақты айдап отырғандай сезіндім», - дейді жасөспірім.
Ұлдарды биіктік қызықтырса, қыздар саяхаттауға әуес болып қайтты. Мысалы 15 жастағы Валентина Баширова көп елді аралауды армандайды. «Ұшқыш болып, ұшақты басқару оңай емес. Бірақ мен болашақ мамандығымды бортсеріктер қатарында – авиацияда көремін.-. Стюардесса болып, көп елді көргім келеді. Ал ең бірінші баратын жерім Дубай. Ол жер өте әдемі!», - деп армандайды Валентина.
Жаттықтыру процесін балаларға көрсетіп, қызықты сұрақтарға жауап берген «Эйр Астана» авиакомпаниясының Boeing 7567 екінші пилоты – Шыңғыс Тасмұқанов. Маманның байқауынша, ұлдар штурвалды ұстағанда өзіне сенімдірек болған, ал қыздардың тегісірек ұшқан.
«Балалардың реакциясы жақсы. Әсіресе ұлдардың көздері жанып, қызыққандары анық байқалды. Балалар өздерін сенімді сезінді, бірақ қыздар тегіс ұшты. Сұрақтарда көп қойылды. Мен олардың авиацияға қызығушылықтарын оята алғаныма өте қуаныштымын», – дейді ұшқыш.
Экскурсия «АЯЛА» қайырымдылық қорының «4D жобасы аясында ұйымдастырылды. Қор «Эйр Астана» қызметкерлеріне іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2845-news-kz#sigFreeIda460bc6301