«Алау» мұз сарайындағы Қысқы сырғанау маусымы аяқталды. Осы уақыт бойы әрбір сенбіде Астана қ. SOS Балалар ауылының және «Балалар үйі» ҚММ-ның 500-ден астам тәрбиеленушісі, сондай-ақ Астана қ. арнайы түзету мектеп-интернатының оқушылары қасындағы ілесіп жүретін адамдарымен бірге конькимен тегін сырғанау мүмкіндігін алды. Маусым 2017 жылғы қарашадан бастап 2018 жылғы сәуірге дейін созылды.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры «Алау» басшылығына балалар үшін бүкіл қыс бойы қызықты бос уақытты қамтамасыз еткеніне алғыс білдіреді. Кейбір балалардың ақыл-ойы кем болуына қарамастан, коньки киіп, мұз айдынына барлығы шыққанын атап өтеміз. Бұл мұз сарайы қызметкерлерінің айрықша көзқарасы мен ықыласының арқасында мүмкін болды. Енді 2017-2018 жылғы қысқы маусымда мұз сарайына барған балалар мен ата-аналар конькимен сырғанауда ненің маңызды екенін біледі.
«АЯЛА» қоры «Алау» мұз сарайының басшылығына және қызметкерлеріне қор бастамаларына қолдау көрсеткендері үшін ерекше алғыс білдіреді!
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2861-news-rus#sigFreeId1f578aeddf