SOS Астана балалар ауылының 10 тәрбиеленушісі талғампаз француз тағамы – пашот жұмыртқасын дайындауды үйренді.
Қажетті нәрсе – жұмыртқа пісіру ғана сияқты еді. Ал олай емес екен! Оны белгілі бір тәсілмен дайындау қажет, ақуыз саруыздың айналасына жиналып, оны шикі және тәтті күйінде сақтайды. Дұрыс тепе-теңдікте сірке суы мен тұз дайындау маңызды. Тағы да – салат турау, тостар жасау, тағамды безендіру және оған ірімшік тұздығын құю.
Балалар тамақты Crepe Cafe кафесінің шеф-аспазы Станислав Шляховтың басшылығымен дайындады. Олар аспаздың соңынан бүкіл әрекеттерін қайталады: су температурасын мұқият қадағалап, жұмыртқаның айналасында кішкене шұңқыр жасай отырып, суды араластыруды үйренді.
Шеберлік сабағына қатысушылардың арасында жас спортшылар мен әншілер, түрлі республикалық, халықаралық сайыстардың жүлдегерлері болды. Олар пашот жұмыртқасын дайындауда да дарынын көрсетті!
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/2967-news-kz#sigFreeIdd3ea6925e4