Атырау облыстық ақыл-ойы кем балаларға арналған интернат-үйінде енді «Биоптрон» бар.
Бұл аппарат ішкі органдар ауруларының, дерматологиялық патологиялардың, бұлшық ет және буын ауруларының ауқымды тобын емдеуге қолданылады. Құрал ауруды емдеп қана қоймай, балалардың иммунитетін көтеруге де көмектеседі.
Бүгінгі күні Атырау облысының медициналық-әлеуметтік мекемесінде 3 – 18 жас аралығында 150 бала тәрбиеленуде. Құны 330 268 теңге Bioptron Medall аппараты қордың қаражатына сатып алынды.