Лағманға арналған қамырды қалай дайындап, созған дұрыс, тұздығын қандай қоспалармен дәмдеу керек, - №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері осындай істерге дағдыланды.
«АЯЛА» қайырымдылық қорының «Жасөспірімдерді кәсіби бағдарлау» жобасы аясында еріктілер балаларға шығыс елдері ас мәзіріндегі әйгілі тағамдардың бірінің дайындалу құпиясын ашты. Болашақта аспаз болғысы келетін бірнеше қыз бен бір бозбала қамыр мен тұздықтың дайындалуына қызығушылық танытып қана қоймай, өздері де ұн илеп, барлық қоспаларды турады.
Сонымен қатар жасөспірімдер даршын қосып тоқаш пісіруді де үйренді. Таңертеңгі сағат 10-нан ас дайындауға кіріскен балалар оны түскі сағат бірде аяқтап, өздері әзірлеген тағаммен түстенді.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/3050-news-rus#sigFreeId7f6f6bddbd